© CABAR – Центральноазиатское бюро по аналитической журналистике
При размещении материалов на сторонних ресурсах, гиперссылка на источник обязательна.

«Лайк» па, «репост» па – түрме. Орталық Азияда әлеуметтік желідегі экстремизммен күрес қалай жүріп жатыр

Сарапшылардың айтуынша, аймақ басшылары әлеуметтік желілердегі абайсыз әрекеттер үшін бас бостандығынан айыру саясатын қайта қарауы тиіс.


Подпишитесь на наш канал в Telegram!


2018 жылдың басындағы деректер бойынша Қырғызстанда әлеуметтік желілердің 1,3 миллион белсенді қолданушысы тіркелген. Мұндай мәлімет We Are Social сараптамалық агенттігінің есебінде жарияланған. Былтыр әлеуметтік медиаларда 700 мың адам алғаш тіркелген.

GlobalWebIndex есебіне сәйкес, қазіргі уақытта интернет қолданушысы әлеуметтік желілерде күніне орташа алғанда 2 сағат 15 минут өткізеді, яғни барлығының жиынтық уақыты күніне 3 миллион сағат, және бұл көрсеткіш өсіп келеді.

Онымен бірге әлеуметтік желілердің күнделікті өмірдегі ықпалы да артып келе жатыр. Белсенді наразылық, акциялар және экстремистік науқандар мен ұйымдарға тарту шаралары енді көшеде емес, интернет кеңістігінде өтеді, және жиі жағдайда сәтті іске асуда.

Алайда, мұндай ықпалмен қатар қолданушылардың да өз парақшаларында жариялайтын, тіпті жай ғана «лайк» басқан контенті үшін жауапкершілігі өсіп келеді.

Дегенмен, парламенттің жақында өткен отырысында Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің  өкілі «қолданушылардың реакциялары – қылмыстық әрекет емес. Сарапшылар нақты экстремистік контентті таратушыларды қадағалайды, олардың профайлдарын қарайтындарды емес» деп мәлімдеді (Kaktus.media-дағы дәйексөз) .

Бірақ, Қырғызстанда және жалпы Орталық Азияда әлеуметтік желідегі виртуалды «класс», репост немесе білдірген пікір үшін шынымен бас бостандығынан айыру жағдайлары бар.

 Қылмыстық кодекстің бабынан «ақша табу»

Freedom House-тың соңғы «Интернеттегі бостандық 2017» есебіне сәйкес, Қырғызстан жүзден 37 балл жинаған – балл неғұрлым аз болса, интернеттегі бостандық соғұрлым жоғары. Бұл деңгейді ел екі жылдан бері ұстап тұр, әрі бұл көрсеткіш соңғы 5 жылдағы ең нашар көрсеткіш. Ең жоғарғысы – 34 балл 2014 жылы болған, басқа жылдарда республика тұрақты түрде 35 балл алып тұрды.

 

!function(e,t,n,s){var i=”InfogramEmbeds”,o=e.getElementsByTagName(t)[0],d=/^http:/.test(e.location)?”http:”:”https:”;if(/^\/{2}/.test(s)&&(s=d+s),window[i]&&window[i].initialized)window[i].process&&window[i].process();else if(!e.getElementById(n)){var a=e.createElement(t);a.async=1,a.id=n,a.src=s,o.parentNode.insertBefore(a,o)}}(document,”script”,”infogram-async”,”https://e.infogram.com/js/dist/embed-loader-min.js”);

Қырғызстан Орталық Азия мемлекеттері ішіндегі интернеті біршама еркін саналатын жалғыз ел. Аймақтың басқа елдерінде интернет еркін емес.

Қырғызстанда әлеуметтік желілердегі ақпарат бөлек реттелмейтіндігіне қарамастан, ақпарат алу мен тарату еркіндігін қорғау және жауапкершілігі офлайндағыдай қадағаланады. «Репост» ұғымы заңнамада жазылмаған, сол себепті әлеуметтік желіде барлығы құпиялық баптауларына байланысты, дейді «Институт Медиа Полиси» қоғамдық қорының басшысы Бегайым Үсенова. Оның айтуынша, әлеуметтік желідегі әрекеттеріңізді достарыңыз жаңалықтар тізбегінен көріп отырады, ал заң тұрғысынан бұл ақпарат тарату деп қарастырады. Бұл дегеніміз, дүдәмал мазмұндағы контент жарияласаңыз, мұныңыз заңға қайшы болып, жазаға ұшыратуы мүмкін.

Бегаим Усенова Photo: media.kg

«Түсініп алуымыз қажет нәрсе – қандай да бір ақпаратты жариялап, репост жасаған кезде, оның жауапкершілігі өзіміздің мойнымызға артылады, тіпті хабарламаның авторы басқа адам болса да. Сол себепті, таратып отырған ақпаратымыздың дәлдігіне сенімді болуымыз шарт, ары қарай теріс немесе заңға қайшы мәліметті таратпауымыз керек», – деп санайды ол.

Ал жекелей әлдебір контентті, тіпті ол заңға қайшы болсын, репост жасағанымыз үшін бас бостандығынан айырылатындай қылмыстық жазаға әкелмеуі тиіс. Қазір Қырғыз Республикасының ҚК 299–бабына сәйкес бұл үшін 4 жылдан 7 жылға дейін түрме жазасы қарастырылған, яғни «Ұлтаралық (этносаралық), нәсілдік, діни немесе аймақаралық алауыздық тудыру».

«Шалғайдағы көптеген адамдардың ойынша, әлеуметтік желі дегеніміз – олардың жеке әлемі, ойына келген контентті коменттеп, ол үшін шын жазаға кесуілуі мүмкін екендігінен мүлдем хабарсыз. Осы арнада жұмыс істеу керек. Адам ең алдымен осындай посттарды жазуға болмайтынын, ол үшін айыппұл кесілуі мүмкін екендігі, ал доғармаса – қамалуы да мүмкін екендігі туралы алдын ала ескертілуі тиіс.

Қазір бұл бап нағыз ақша табуға болатын бапқа айналды. Қалай дейсіз ғой? Олар [құқық қорғау органдары] келеді де, міне, нақты бап бар, сол бойынша нақты мерзімге қамалуың мүмкін дейді. Әлбетте, баласын кім жамандыққа қисын, бәлесінен аулақ деп, өтеуін беріп құтылуға асығады», – деп ойлайды құқық қорғаушы және «Қоғамдық сараптама институты» ҚБ директоры Рита Қарасартова.

2016 жылы ҚК «Террористік немесе экстремистік қызметті жария түрде қолдау» 226–бабының 6–тармағында «интернет» деген ұғым пайда болды. Дін және экстремизм жөніндегі сарапшы Икболжан Мирсаитовтың айтуынша, осы енгізілген түзетудің салдарынан милицияның қолданушыларды әлеуметтік желілердегі «лайк» пен «репосттары» үшін ұстау жағдайлары әсіресе елдің оңтүстік аймақтарында күрт көбейген.

«Олардың көбіне әкімшілік жаза (1–2 мың сом немесе $14–29 көлеміндегі айыппұл) кесіледі, ал заң бұзу қайталанса – 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін. Негізінен бұлар заңсыз әрекет екендігін білмегендіктен, ақпаратты таратып, бөлісіп ұсталып қалған жастар. Биылғы динамика бәсеңсіді, өйткені жастар мұндай әрекеттің заңға қайшы екендігін түсіне бастады», – дейді Мирсаитов.

Еркіндікті тұншықтыру

Тәжікстандағы халықтың 3%–і ғана әлеуметтік желілерді пайдаланады, бұл дегеніміз 9 миллионға жуық халықтың 310 мыңы ғана. Республика Freedom House интернеттегі еркіндік рейтингісіне кірмейді, алайда Human Rights Watch дерегінше, мұндағы адам құқығының жағдайы 2015 жылдан бері «сөз бостандығы мен ерікті қауымдастықтар, бейбіт оппозициялық қызмет, тәуелсіз адвокатура және діни еркіндікті басып-жаншу барынша ушығуы салдарынан» күрт нашарлаған.

Биылғы жазда Тәжікстан парламентінің төменгі палата депутаттары елдің Қылмыстық кодексіндегі «Террористік сипаттағы қылмысты жасауға жария түрде шақыру және (немесе) террористік әрекетті жария түрде ақтау» 179-бабына өзгеріс енгізу үшін дауыс берді. Аталған баптың екінші тармағында «интернет арқылы» деген сөз тіркесі қосылды. Ол қылмыс үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

«Интернетте әлеуметтік желілерді пайдалану экстремистік және/немесе террористік ұйымдарға қатынасының бар екендігінің дәлелі ретінде бағаланады. «Лайк» қана емес, мұндай материалдарды тарату және жіберу де солай. Тәжікстанда осы көрсетілген қылмыстық санаттар бойынша интернет желісін қолданды деген айыптаулармен адамдарды қамауға алу басталып кетті. Іс жүзінде мұндай санаттағы қылмыстық істер айтарлықай көп», – дейді Абдурахмон Шарипов, адвокат және «Адам құқығын қорғау жөніндегі тәуелсіз орталық» ҚБ заңгері.

Нодира Абдуллоева. Photo: Facebook

Әлбетте, құқық қорғаушылар экстремизммен немесе тероризммен мұндай тәсілдермен күресу нәтиже береді деп әсте ойламайды. Олардың айтуынша, қылмыстық істер жанама айғақтар негізінде қозғалады.

«Қазіргі таңда Тәжікстан қылмысық кодексінде интернетте жасалған әрекеттер үшін жауапқа тартуды қарастыратын 8 бап бар. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, ТР қылмыстық кодексінде айтылатын әділет принципі (жаза әділ және қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіп дәрежесіне сәйкес тағайыналуы тиіс) мұндай қылмыс санаттары бойынша әрдайым сақтала бермейді», – дейді Адам құқығы жөніндегі орталықтың еңбек миграциясы бойынша бағдарламалар үйлестірушісі Нодира Абдуллоева.

 

Келіспейтіндермен күресу құралы

Қазақстанның интернет еркіндігі рейтингісіндегі баллдар саны 62. Бұл деңгейді мемлекет соңғы бес жыл бойы, ара-тұра 1–2 балл қосып, кемітіп ұстап тұр.

 

!function(e,t,n,s){var i=”InfogramEmbeds”,o=e.getElementsByTagName(t)[0],d=/^http:/.test(e.location)?”http:”:”https:”;if(/^\/{2}/.test(s)&&(s=d+s),window[i]&&window[i].initialized)window[i].process&&window[i].process();else if(!e.getElementById(n)){var a=e.createElement(t);a.async=1,a.id=n,a.src=s,o.parentNode.insertBefore(a,o)}}(document,”script”,”infogram-async”,”https://e.infogram.com/js/dist/embed-loader-min.js”);

Экстремизм идеяларын тарату үшін аса ыңғайлы әлеуметтік желілер ретінде Қазақстанда Facebook и YouTube–ті атайды. Мұндай жарияланымдардың «репосты» деректерді таратумен тең. Яғни «репост» жасаған адамға сол материалды жазған автордың өзімен тең дәрежеде жауапкершілік жүктеледі.

«Қазақстанда репостталған ақпарат үшін және алауыздық тудыратын деп танылған ақпаратқа қойылған лайктар үшін қозғалған істер мен шығарылған айыптау үкімдері бар. Бұлар негізінен ұлтаралық немесе діни алауыздық тудырған деп танылған. Түрлі алауыздықтарды тудыру үшін жауапкершілік туралы ҚР Қылмыстық кодексінің 174–бабында айтылған. Ресми статистика көрсетіп отырғандай, соңғы үш жылда осындай баппен қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдардың саны арты келеді», – дейді «Әділ сөз» қорының заңгері Тамара Симахина.

Қылмыстық кодекстің 174-бабында «Ұлттық, әлеуметтік және дiни алауыздықты қоздыру» 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қылмыстық істерді сонымен қатар 274–бап «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша қозғайды, мұнда қарастырылған жаза 12 млн теңгеге дейінгі сомадағы айыппұл (шамамен $32 мың доллар), немесе екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілердің кез келген қолданушысының жеке парақшасына басқа бір адам экстремистік сарындағы комменарий жазып кетсе, бір жарым айға түрмеге қамалуы мүмкін. Алдымен оғанр сол материалды өшіру талап еткен хат жолданады, егер өшірілмесе, оны сотқа береді.

Қазақстан заңнамасына интернетті қадағалау туралы түзетулер белсенді түрде енгізіліп жатқан Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет. 2017 жылдың қаңтарында Қызылорда облысының прокуратурасы Facebook пен ВКонтакте әлеуметтік желілеріндегі 39 хабарламаны және YouTube–тегі 25 тіркеулік жазбаны діни және этностық жеккөрініш қоздырып, арандатуы ықтимал деген себеппен бұғаттап тастаған.

Елдегі онлайн-контентті бірнеше орган қадағалайды, олардың ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті, президент кеңсесі, тіпті жергілікті билік органдарының кеңселері бар. Алайда, құқық қорғаушылардың айтуынша, экстремизммен күрес деген тек сырт жағындағы желеу ғана.

Евгений Жовтис. Фото: Ярослав Радловский

«Бұл әлеуметтік желілердегі экстремизммен күрес деп ойламаймын, бұл келіспеушілермен күресу құралдарын іс жүзінде байқау деп ойлаймын. Қылмыстық істер әлдебір жасанды құрам бойынша қозғалады, оның нақты салдары қандай екендігін бағамдамайды. Әлдебір мәтін, «репост», пост, «лайк», әлдебір айтылған сөзді алады, оны эксперттер саралайды, сөйтіп сның негізінде қандай да бір қорытынды жасалады: бұл материал экстремистік сарындағы әлдебір ақпаратты қамти ма. Қылмыстық-құқықтық тұрғыдан алып қарасақ, бұл процедура мүлдем ақылға қонымсыз. Мұндай тұжырымдар бастан-аяқ болжалды ғана, айыптау кезінде ешкім де нақты ниет–пиғылын дәлелдемейді», – дейді Евгений Жовтис, Қазақстан халықаралық адам құқығы және заңдылықты сақтау жөніндегі бюро директоры.

Сізді біреу аңдып отыр

Интернет еркіндігі рейтингісінде Өзбекстанның 77 баллы бар. Өткен 4 жылда 78–79 баллдан жинап отырған. Жағдайдың жақсаруы мемлекеттік порталдың пайда болуымен байланысты, алайда Freedom House есебіне сәйкес, бұл елдегі интернеттегі еркіндік үшін жаза қолданылуы мүмкін.

 

!function(e,t,n,s){var i=”InfogramEmbeds”,o=e.getElementsByTagName(t)[0],d=/^http:/.test(e.location)?”http:”:”https:”;if(/^\/{2}/.test(s)&&(s=d+s),window[i]&&window[i].initialized)window[i].process&&window[i].process();else if(!e.getElementById(n)){var a=e.createElement(t);a.async=1,a.id=n,a.src=s,o.parentNode.insertBefore(a,o)}}(document,”script”,”infogram-async”,”https://e.infogram.com/js/dist/embed-loader-min.js”);

Өз кезегінде  Human Rights Watch Өзбекстан парламенті «арнайы қызметтерге азаматтардың онлайн белсенділігін олардың алмасатын хабарламалары мен әлеуметтік желілердегі комментарийлерін қадағалауға заң жүзінде рұқсат беретін түзетулерге қолдау білдірді» деп атап өтті. Ұйым ел билігін ақпаратқа, оның ішінде интернеттегі деректерге тиімді қол жеткізуді қамтамасыз етуге шақырды.

Елде «лайк» пен «репост» үшін қылмыстық іс қозғалғандығы жөніндегі жайттар тіркелмесе де, билік әлеуметтік желілерді мұқият қадағалап отырады. Дегенмен, қылмыстық істер басқа негіздер бойынша қозғалады, дейді «Жалынды жүректер клубы» халықаралық құқық қорғау ұйымының басшысы Мутабар Таджибаева. Ол мысал ретінде Facebook желісінде белсенділердің діни құқықтардың бұзылуы жөнінде талқыласып, пікірталас аяқталған соң бірнеше блогер мен талқылаудың қатардағы қатысушылары қамауға алынғаны туралы жайтты келтіреді.

«Каримов кезінен бастап арнайы қызметтегілер жеңіл жүрісті әйелдердің, отырып шыққандардың, махалля комитеттері өкілдерінің көмегіне үнемі жүгініп келеді. Оларды азаматтық қоғамдағы белсенділерге және басқа да ұнамсыз азаматтарға қарсы пайдаланады. Осы айтылған агентуралық топ біреулердің атына кір келтіру, қылмыстық, әкімшілік істер қозғау мақсатында әрекет етеді. Нәтижесінде заңсыз қозғалған әкімшілік істер, әкімшілік айыппұлдар және қамауға алулар пайда болады. Дәл осы амалды жүйелік әсіл деп атаймыз», – дейді Таджибаева.

Декриминализация және тәсілдемелерді біріздендіру

«Бір ғана «репост» қылмыс болуы мүмкін емес. Қылмыс дегеніміз түрлі әрекеттер мен пиғылдардың жиынтығы». Бегайым Үсенова
Орталық Азия елдерінің заңнамаларындағы өзгешеліктерге қарамастан, оларды біріктіретін нәрсе бар – барлығы бірдей лайк пен репост үшін тым қатаң жаза қолданады. Қазақстандық құқық қорғаушы Евгений Жовтис сөз бостандығы мен оны теріс пиғылмен пайдаланып, қылмыстық қудалаусыз болмайтын жағдайлардың ара–жігін ажыратып алуымыз қажет дейді. Оның сөзінше, қылмыстық қудалау тек:

а) айтылған сөз зорлық қаупін төндірсе, сондай–ақ жеккөрініш, өшпенділік тудырып, күш жұмсауға шақыратын болса,

б) бұл қауіп нақты болса ғана жүзеге асуы тиіс.

Сонымен қатар, сарапшылар айтылған түрлі сөзге, оған түрткі болған себепке және оның салдарына қатысты санкциялар да түрлі болуы керек.

«Біз репосттың өзі үшін ғана, оның контексін зерттемей, оны кім істегенін ескермей, оның пиғылын назарға алмай, оны қандай аудитория көргенін елемей, басқалай факторларды да негізге алмай, қылмыстық іс қозғауға себеп деп қарастыра алмаймыз.  Бір репост қылмыс болуы мүмкін емес. Қылмыс дегеніміз түрлі әрекеттер мен пиғылдардың жиынтығы. Сәйкесінше, жауапкершілік те сол қылмыстың салдары қандай, қоғамға қауіп төнді ме, нақты қауіп болды ма, қылмыскер әрекетін сезінді ме, шынымен ауыр салдарын тіледі ме деген тұрғыда міндеттелуі тиіс», – дейді Бегайым Үсенова.
Оның сөзінше, мәселені жан–жақты қарастыру қажет: халықтың құқықтық сауатын жетілдіру керек, тергеушілер мен соттарды оқыту керек, сондай–ақ заңнаманы өзгерту керек. Оның ішінде осы санаттағы қылмыстарды қараған кезде халықаралық заңнамалардың нормаларын да ескеріп, тәсілдемелерді біріздендіру қажет.

Тәжікстандағы жағдай осыған ұқсас.

«Менің ойымша, біздің [тәжік] қылмыстық заңнамасы интернеттегі әрекеттер үшін қарастыратын жауапкершілігін қисынға салып ұғынықты жаза алмай отыр, ұғымды қолданушылар өзі ғана түсінетін мағынада қолданады. Жоғарғы сот арнайы Пленум жасауы керек деп ойлаймын, ол соттарға осындай қылмыстарға құқықтық баға беруді үйретіп, «like» пен «share» деген ұғымдардың қоғамға төндіретін қаупін түсіндіруі керек», – дейді Нодира Абдуллоева.

Қазақстанда да мұндай құжат жоқ, бірақ құқық қорғаушылар оның тиімділігіне күмәнмен қарайды.

«Ол құжаттың бір нәрсені түсіндіріп, нақтылай алатынына сенімді емеспін. Бұл тұтастай бүлінген заңнамадан келетін зиянды азайтудың әлдебір талпынысы ғана. Заңды залалсыздандыру дейміз бе. Бірақ ол проблеманы шешпейді. Біз заңнаманы және тәсілдемелерді тұтастай қайта қарау керектігін айтуымыз керек. Басқалай жолмен проблема шешу мүмкін емес», – деген пікір айтады Евгений Жовтис.


Бұл мақала IWPR «Орталық Азиядағы тұрақтылыққа бағытталған ашық диалог» жобасының аясында әзірленді

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Spelling error report
The following text will be sent to our editors: