© CABAR – Центральноазиатское бюро по аналитической журналистике
При размещении материалов на сторонних ресурсах, гиперссылка на источник обязательна.

Орамал дауы. Қазақстан мектептерінде хиджаппен қалай күресіп жатыр

Қазақстанда мұсылман қыздардың ата-аналары мен мектеп басшылығының тартысы күшейді


Елдің батысындағы бірнеше сот процестері мектептерде дәни атрибуттарды тағуға тыйым салған білім министрлігінің пайдасына шешілді. Ал қыздарын оқуға дәстүрлі мұсылман киімдерінде жіберетін ата-аналарға айыппұл салып қана қоймай, әкімшілік қамауға да алатын болған. Балалардың өздерін мектеп сабақтарына қатыстырмауда.

 «Біз, төрт қыз, екі апта болды, бөлек бос кабинетте отырмыз. Бізді оқытпайды, бос отырамыз. Кейбір кезде бізге математика, әдебиет сабақтарын өткізеді. Бізді басқа балаларға неге жібермейтінін түсінбейміз. Өзімізді өте жаман сезінеміз, себебі, бізді бөлек басқа кабинетке отырғызды, басқа балалар сияқты оқытпайды», – дейді 8-жасар Әмина Әбдуәли қызы, алматылық №152 мектептің 2-класс оқушысы. 

Оның анасы Жанар Дамирбекова былай толықтырады: «Менің қызымды мектепке жіберді, бірақ ол бөлек кабинетте отырады және мүлдем білім алмайды. Онымен бірге тағы бірнеше қыз отыр. Міне, екі апта болды бұған. Менің қызым орамалын шешкісі келмейді, мен оның пікірін тыңдадым да, айттым: егер шешкің келсе – өзің шешім қабылда. Ол айтты: жоқ, одан гөрі мен мүлдем оқымай-ақ қояйын. Мұғалімдер оған дауыс көтереді, итереді. Бізге ақылы лицейдің мекен-жайын берді, ондай қалада бар, бірақ өте қымбат. Мен екі баланы жалғыз өсіріп отырған анамын. Пәтеріме әрең ақша табамын, ақылы мектепте оқытуға жағдайым жоқ. Сондықтан, одан бас тарттым».

Соттар білім министрлігінің жағында

Еліміздің басқа өңірінде – Ақтөбеде – 14 қыркүйек күні мектепке жіберілмеген екі қыздың әкесін балаларды № 31 мектепке кіргізбек болғаны үшін біреуін 3 тәулікке, екіншісін 5 тәулікке қамады. Осы қалада, 1 қыркүйек күні, ресми түрде оқу жылы басталғанда, 28 оқушы қыз орамалын шешуден бас тартқаны үшін мектепке кіре алмады.

Барлығы, Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының мәліметінше, аймақта 338 оқушы қыз мұсылман киімін киеді, бірақ олардың басым бөлігі мектепке кіргенде оны шешуге келісім берген.

Мұндай текетірес 2018 жылы көп болды, алайда, 1 қыркүйек күні жағдай ушықты.

Сол Ақтөбе қаласында, қаңтар айында, екі мұсылман отбасы мектеп басшылығын балаларын сабаққа кіргізбегені үшін сотқа берген. Олар оны былай түсіндірген: Білім министрлігінің талаптарында көрсетілген мектеп формалары туралы айтылған, бірақ хиджап киюге болмайды деген көрсетілмеген.

13 ереже бойынша екіұшты нәрсе айтылған: «түрлі конфессиялардың діни киімдері элементтерін мектеп формасы ретінде бекітуге болмайды». Сот олардың талаптарын қанағаттандырудан бас тартты.

caravan.kz

Осындай соттар оған дейін Орал мен Астанада да өтті. Екі қалада ондаған отбасы мектеп басшылықтарын сотқа берді. Одан басқа, Оралда 37 оқушы қыздың әкелері білім министрлігін сотқа берді. Осылайша, олар балалардың білім алуына шектеу қойылуына наразылық білдірді. Барлық жағдайда соттар бірдей шешім қабылдап, мектеп басшылықтары мен білім министрлігінің жағына шықты.

21 қыркүйек күні Атырауда орамалын шешуден бас тартқан 16 оқушы қыздың ата-анасына 20 еуродан айыппұл салды. Оларға әкімшілік кодекстің: «білім саласында ата-аналардың және олардың заңды өкілдерінің міндеттемелерін орындамауы немесе теріс орындауы» бабын ілді.

Білімсіздік күні

Жаппай наразылық 1 қыркүйек күні жаңадан құрылған Түркістан облысындағы Фирдоуси аулында орын алды. Ірі тұрғын ауданында 372 мектеп оқушысы және кейбір мұғалімдер де орамал тағып жүрді. Алайда, білім күні ондаған оқушы қыздар білім ордасының сыртында қалды.

Сол күні мектеп мұғалімдері әр отбасыға барып, олардың қыздарынан мектеп қабырғасында орамал тартпауды сұрады. Бірқатар ақпарат көздерінің хабарлауынша, елуге тарта отбасы келісімге келмеген. Олардың он үшіне әкімшілік жаза қолданылды. Бес ата ана 20 еуроға жуық айыппұл төледі. 

Сонымен қатар, ақпан айында облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов, бүкіл облыс бойынша тек 400 оқушы қыз орамал тағады деген еді. Яғни, шын дерек пен көрсетілген санның айырмашылығы үлкен.

Мектеп формасына қатысты талап, оның ішінде діни киімге тыйым салу туралы ережені бұрынғы білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов 2016 жылдың 14 қаңтарында бекіткен еді. Содан бастап, орамал таққан қыздарды мектепке кіргізбеу туралы тартыс қыза бастады. Алайда, бұл текетірестің ушыққан кезі биылғы жылдың 1 қыркүйегінде болды, дәл сол кезде еліміздің түкпір түкпіріндегі мектептер орамал таққан қыздарды білім ордасына кіргізуден бас тартты. 

Екі күн бұрын жаңа білім министрі Ерлан Сағадиев министрліктің позициясын айқындады: «Хиджап бойынша – мектептерде оған тыйым салынған. Біздің ұстаным өзгерген жоқ». Бұл сөздер отқа май құя түсіп, ата-аналар мен мектеп басшылығының арасындағы тартысты күшейтті. Бірақ, бұдан ең бірінші зардап шегетіндер – балалар.

 «Аудандық білім басқармасынан нұсқау түсті: жаңа оқу жылынан бастап, қызымыз орамал тартып жүрсе, оны сабаққа жібермейді. Бірақ, ол орамалын тағып бір аптадай сабаққа барып жүрді, бұдан кейін мені комиссияға түсіндірме әңгімесіне шақырды. Бұл комиссияда қатарында аудандық әкімшілік өкілдері, прокуратура, полиция қызметкерлері, аудандық білім басқармасының заңгері болды. Олар менің алдыма нақты талап қойды: егер мен білім министрлігінен келген нұсқауды орындамасам, мектепішілік тәртіпке бағынбасам, бізді сабаққа жібермейді және мені сот арқылы әкімшілік жазаға тартуға сұрайтынын айтты. Осылай нақты айтты. Мен адам құқықтары жөніндегі бюромен ақылдастым, маған заңгерлер мәселені ушықтырмай, қазірше олардың талабын орындауға шақырды. Бірақ, өз құқығымды қорғау үшін бір нәрсе жасауым қажеттігін айтты. Сондықтан, мен бұл істі сотқа дейін жеткізе алмадым, оның үстіне айыппұл төлейтін жағдайым да жоқ», – дейді телефон арқылы әңгімесінде леңгір қаласының тұрғыны (ОҚО) руслан Кубиев мырза.

Оның 10 жасар қызы Сумаят орыс тілінде білім беретін мектепке барады. Онымен бірге мұсылман дінін ұстанатын ьағы бір қыз мектепке келіп жүрді. Бірақ қазір олар ата-анасымен бірге басқа қалаға көшіп кеткен.

Руслан Кубиевпен қатар Леңгір қаласының тағы 17 отбасы, олардың балалары 4 қазақ мектебінде оқиды, осында проблемаға ұшырап, құқық қорғаушыларға жүгінді. Бірақ олардың балаларын бастапқыда мүлде сабаққа кіргізбеген.

Руслан Кубиевтің айтуынша, көршілес Шымкент қаласында ұлдар мен қыздар бөлек оқитын бірнеше мектеп бар, ол жерде діни дәстүрде киінген балалар сабаққа қатыса алады. Бірақ күнделікті Леңгірден бұл мектептерге тасу өте алыс және бағасы да қымбатқа түспек.

Түпнұсқа: youtube/AzattyqTV

Сонымен қатар, «Электронды үкімет» сайтында, бұл ресми ақпарат құралы болып саналады, былай көрсетілген: «мектеп формасына деген талап барлық жалпы білім беретін оқу орындарына байланысты, олардың меншік иесі мен ведомстволық меншігіне қарамастан». Алайда, үлкен қалаларда жеке меншік мектептер діни киімдер киюге рұқсат береді, бірақ олардың бағасы еліміздің көптеген тұрғындары үшін өте қымбат.

Дін таңдауға мүмкіндік береді

Биылғы жылдың 10 қаңтарында Қазақстан мұсылмандары дәни басқармасы, оған барлық мешіттер мен еліміздің діни оқу орындары бағынады, арнайы мәлімдеме жасады. Онда олар мәселені жұмсартпақ болды, себебі, барлық мұсылмандардың пікірінше, Шариғат заңдарына сәйкес, қыздар басына 9 жастан бастап орамал тартып жүруі тиіс.

 «Ислам заңы бойынша, жыныстық пісіп жетілуді 9 жасқа әкеліп тіреу дұрыс емес. Көпшіліктің пікірін ескерсек, қыздардың физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты, олардың жыныстық жетілуі 15 жас болып саналады. Ислам әлі толық пісіп жетілмеген, кішкентай қыздарға орамал тартуды міндеттемейді. Олар орамал тартудың терең мағынасы мен маңызын әлі түсінбейді», – делінген онда.

Верховный муфтий Казахстана Серикбай кажы Ораз. Фото: muftyat.kz

Қазақстан бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз «Астана» арнасына 25 қыркүйекте берген пікірінде мемлекет позициясын құптайтын ойын білдірді:

«7-8 жасар қыздардың ата –аналары 1,2,3 класта оқитын балалардың тағдырына бұлай қарамауы тиіс. Уақыт өте келе бұл балалар өз таңдауын жасап, ата-аналар оларға бөгет жасамауы тиіс. Біз балаларымыздың болашағына балта шаппауымыз тиіс. Бірінші кезекте, бұған ата-аналар мен мектеп жауапты. Бұл сұрақта белгілі бір келісімге келу керек, бірақ діни ұстанымдарды да бұзбауымыз керек».

Бөлу мен балалардың құқығын бұзу

Сонымен бірге, құқық қорғаушылар мемлекетті өз саясатын қайта қарап, бірінші кезекте балалардың Конвенция нормаларында қарастырылған құқықтарын бұзбауға шақырды.

Роза Акылбекова. Фото: azattyq.org

«Мемлекет, әрине, мектеп есіктерін жабу арқылы балалардың барлық құқығы мен бостандығын шектейді. Егер мемлекет ата-аналарға қарсы барлық сот процестерін жеңсе, оларды әкімшілік жауапқа тартып, қамаса да, бұны мемлекет жетістігі деп санау қателік. Олар мұндай қадам арқылы ештеңе ұтпайды. Жеке меншік мектептер мен мемлекеттік мектептердегі бөлек кластар да бұл жағдайдан шығу емес, себебі мұның өзі бөлу.

Мемлекет тоқтамға келіп, бұл жағдайдан шығу жағын ойластыруы тиіс. Олар келісімге барып, балалардың мүддесін қорғайтындай нақты шешім қабылдауы керек. Әзірше білім министрлігі мұндай нұсқаулық шығарып, балалар мен олардың отбасының барлық құқығын бұзып отыр», – дейді Роза Ақылбекова, Қазақстан халықаралық адам құқығы бюросы директорының орынбасары және балалар құқығын қорғау жөніндегі Қазақстан ҮЕҰ жұмыс тобының үйлестірушісі.

cabar.asia ақпарат құралымен болған әңгімеде мұсылман қоғам қайраткері Мұрат Телібеков бұл жағдайдан шығудың ерекше тәсілін айтты.

Мурат Телибеков. Фото: Ярослав Радловский

«Хиджаппен мәселе оңай емес. Бір жағынан, кәмелет жасына толмаған балаларға дәни киім киюге міндеттеуді тоқтату керек. Екінші жағынан, адамдардың өз діни көзқарасын білдіру құқығынан шектеуге болмайды, тіпті балалар болса да. Осы тұйықтан шығудың жолы қандай? Білім министрлігіне оқушы қыздарға арналған хиджап моделін жасап шығаруды ұсынамын, бұл классикалық хиджап сияқты аскетикалық формада болмаса да».

2009 жылы жүргізілген ұлттық санақ қорытындысына сәйкес, қазақстандықтардың 70,2 пайызы өзін мұсылманмын деп есептейді. Мемлекеттің хиджапқа деген қатқыл позициясы радикалды ислами көзқарастардың дамуына қатысты үрейден туындағаны айқын. Тіпті елімізде ислам радикалдарының ұйымдастыруымен жасалған зорлық зомбылық бұрыннан болмаса да. Соңғы жағдай 2016 жылдың 17 шілдесінде орын алды. Ол кезде бұрынғы сотталушы, радикалды діни көзқарас ұстанатын  Руслан Кулекбаев 10 адамды атып өлтірді. Олардың негізгі бөлігі – полиция қызметкерлері еді. 

«Қазақстан – посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттің зайырлылығы мен қауіпсіздік мәселесін алға тартып, мектепте хиджап киюге тыйым салған бірінші ел емес. Халық арасында Исламның мәні кеңейіп келеді, билік бұған қандай жауап берерін білмейді, оған қоса, экстремизм мен қылмысқа қарсы үлкен деңгейде жауап беру керек болды. Дәстүрлі емес өзгерістерге байланысты консервативті пікірлер жеңіп, міндетті түрде мектеп формасын киюге мәжбүрлеу – соның айқын дәлелі болып отыр», – дейді саясаттанушы Эдуард Полетаев.


Бұл мақала IWPR «Орталық Азиядағы тұрақтылыққа бағытталған ашық диалог» жобасының аясында әзірленді 

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Spelling error report
The following text will be sent to our editors: